«Астана Орманы» ЖШС-де Президенттің әлеуметтік бастамаларын түсіндіруге арналған жиын өтеді

13 Наурыз 2019, 05:57 2388

14 наурызда «Астана Орманы» ЖШС-де Әміржан Әлпейісовтың  төрағалығымен Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің жиыны өтеді. Онда Астана қаласы ҚХА ҚКК мүшелері, «Астана Орманы» ЖШС еңбек ұжымы, «Nur Otan» партиясының спикерлері қатысады.

Жиын барысында Қазақстанның әлеуметтік-бағдарланған мемлекет ретіндегі дамуы және азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan»  партиясының XVIII съездінде атап өткен әлеуметтік басымдықтары анықталады.

Елбасы партия съезінде біздің басты басымдығымыз - Қазақстанның әлеуметтік-бағдарланған мемлекет ретіндегі дамуы және азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Тіпті ең қиын кезеңдерде біз өзіміздің әлеуметтік міндеттемелерімізді орындай білдік.  Әлеуметтік қолдауға жіберілетін қаражат көлемінің деңгейі елімізде әрқашан да жоғары және одан әрі ол біртіндеп өсе бермек. Әр түрлі бағдарламалар, жобалар және бастамалар негізінде бізбен ауқымды әлеуметтік инвестициялар жүзеге асырылады. Біз дамытуға бағытталған қаражат көлемін төмендетпей, мұқтаж адамдарға көмектесуге тиіспіз», - деп атап өткен еді Н.Назарбаев.

Бөлісу: