"Астана" мен "Қайсар" тең түсті

12 Мамыр, 23:07 646

Алматыдағы «Хан Тәңірі» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші турының матчында «Астана» мен қызылордалық клуб «Қайсар» ойнады, деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Ойын жауын астында өтті және бұл екі командаға да қиындық тудырды.

Астаналықтар ойынның алғашқы минуттарынан-ақ шабуылға шыққанымен, бірақ үзіліске дейін есеп аша алмады. Екінші таймда астаналық ойыншы Марин Томасов айып алаңына еніп, алыс бұрышқа дәл соққы бағыттаса, қосымша уақыттың үшінші минутында "Қайсар" футболшысы Валерий Громыко есепті теңестірді – 1:1.

Айта кетейік, қазір "Астана" еншісінде 12 ұпай бар және команда турнир кестесінің көшбасшысына жақын. Ал «Қайсар» клубында - небәрі 6 ұпай. 

 
Зарина Арман
Бөлісу: