Астана мен Анкараның арасында тікелей әуе рейсі ашылды

5 Желтоқсан 2022, 10:08 1213

Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған

Бүгін Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Салтанатты шара Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экичи, «AnadoluJet» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмет Цылдыз, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ президенті Дәулет Хамзинның қатысуымен өтті.

Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рейс жиілігімен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде жүзеге асырылатын болады. Тасымалдаушы — «Turkish Airlines» түрік әуе компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын «AnadoluJet».

Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған.

Аталған рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда, туризм және бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

EL.KZ
Бөлісу: