28.04.2023
15:37
1910
Астана күнінде қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады

Астана күнінде қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады

Қазақстандықтар үшін қуанышты жаңалық, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Үкімет Астана күніне төрт күндік демалысты бекітті.

Жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін сенбіге тура келетін 2023 жылдың 1 шілдесі жұмыс істеп, ал оның орнына 7 шілдеде демаламыз.

Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар Астана күнінде қатарынан төрт күн демалады: 6, 7, 8 және 9 шілде.

Бұған дейін мамырда қалай демалатынымыз туралы жазғанбыз