Астана күніне орай 6 шілде күні елордадағы барлық алты ауданның тұрғын алаптарында шығармашылық ұжымдар мен танымал әншілердің қатысуымен мерекелік концерттер өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Астанада қала күні әрдайым кең көлемде аталып өтеді, бұл қала тұрғындары мен қонақтарының мерекелік көңіл күйді сезінуіне мүмкіндік береді. Осы күнгі игі дәстүрдің бірі – елорданың барлық алты ауданындағы тұрғын алаптарда концерттер өткізу. Бұл дәстүр биыл да жалғасын таппақ.
Іс-шара барысында қала әкімдігінің Мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Күндізгі концерттер сағат 11:00 және 14:00-де басталады. Олар мына орындарда өтеді: