Астана әкімі Моңғолияның вице-премьерімен кездесті

13 Қазан 2022, 21:28 1486

Тараптар бірқатар облыстардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Астана әкімі Моңғолияның вице-премьер-министрімен кездесті. Тараптар бірқатар облыстардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу туралы Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында айтып берді, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Моңғолияның вице-премьер-министрі Сайнбуянгийн Амарсайхан, еліміздегі Моңғолияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Доржийн Баярхуу және т.б. кездесу өткіздік. Білім, мәдениет, сауда, экономика, туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ инвестициялық климатты жақсарту шараларын және тағы да басқа мәселелерді талқыладық.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала мен еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуға жағдай жасап, инвесторларға жан-жақты сервистік қолдау көрсетудеміз.

Мәселен, 2020 жылы елорда экономикасына 1,1 триллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылса, 2021 жылы 1,2 триллион теңгеден астам тартылды. Ағымдағы жылдың 9 айында шамамен 900 млрд теңге. Бірінші кезекте тұрғындар мен қалаға қажетті жобаларды қолдаудамыз», - деп жазды елорда әкімі.

Бөлісу: