Аstana Half жартылай марафонына 6 мыңға жуық адам қатысты

18 Маусым 2023, 17:20 837

Бүгін Елордада дәстүрлі Аstana Half жартылай марафоны өтті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Хабар24 арнасына сілтеме жасап. 

EXPO халықаралық көрмесінен бастауын алған желаяқтар марафонына қатысуға  биыл 6000-ға жуық адам ниет білдірген. Жарысқа Қазақстаннан бөлек,  әлемнің 20 елінен келген спортшылар да бәсекеге түсті.

Жүгіруге келгендердің алғашқы легі жарыс жолына таңғы сағат 07:00-де шықты. Ауқымы жыл өткен сайын артып келе жатқан Аstana Half жартылай марафоны елорда төрінде биыл екінші рет өтіп отыр.

Жарыс жолында сынға түскендер мүмкіндігіне қарай 3 түрлі қашықтықты  бағындырады.  Әуеқой  спортшылар 10 шақырымды, ал сайысқа тыңғылықты дайындалған ең төзімділері 21,1 шақырымды еңсеріп өтті.

Сонымен бірге марафон аясында скандинавтық жаяу жүріс түрі бойынша да жарыс қарастырылған.

Жетпіс жасты алқымдаған  Көкшетаулық Жамбыл Айжанов бүгінгі марафоншылар  сапында бағын сынап көрді. Егде жатсағы қария «мұндай додалардың бірінде қалдырмаймын, тұрақты қатысушысымын»,- дейді. 

Жүгіруден бөлек, спортты жанына серік еткен қария соңғы 30 жылдан бері шығыс жекпе-жек өнері бойынша шәкірт тәрбиелеп, бапкерлік етіп келеді.

Бесінші рет қатысып тұрмын. Үш рет Астанада, 2 рет Алматыда жүгірдім. Былтыр результатым бір сағат төрт минут болған. Бүгін енді білмеймін қанша екенін.  Өзімде осылай спортқа қатысып тұрамын.  Бұдан басқа да үйде де жүгіріп жүремін. 3 км, 5 км,7 км, 10 шақырымды құрады, - дейді Жамбыл Айжанов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша марафонға  еліміздің барлық өңірінен  және шет елден 20-ға жуық мемлекеттің  азаматтары тіркеуден өткен.

Біз әйгілі Алматы марафонын 2017 жылдан бастап жүргізіп келе жатырмыз.  міне 11 жыл болды. Өткен 2022 жылдан  бастап елордамызда бірінші  рет жартылай марафоннан бастауды шештік. Одан кейін Түркістан қалалаларында, жалпы өзіміздің Қазақстанның  түкпір-түпкірлерінде өңірлерінде  жарыстар өткізетін жоспарларымыз бар, - дейді ұйымдастырушы Иса Қалқа. 

Ерлер арасындағы 21 шақырымдық межеде мәре сызығын бірінші болып Ресейдің Омбы қаласынан келген Михаил Кульков 1 сағат 7 минутта бағындырды. Алайда ол, аталған қашықтықты былтыр 1 сағат 2 минута жүгіріп өткен ресейлік  Ринас Ахмадиевтің рекордын жаңарта алмады. Екінші  қырғызстандық  азамат келсе, соңғы үштікті өзбекстандық  спортшы түйіндеді. Әйелдар арасында жүлделі үздік орындар  Қырғызстан, Беларусь және Украина елінен келген марафоншыларға бұйырды.  

 

Асқар Таудай
Бөлісу: