08.08.2023
22:19
1872
«Астана» Еуропа лигасын сәтті бастады

«Астана» Еуропа лигасын сәтті бастады

Еуропа лигасының үшінші іріктеу раундында «Астана» өз алаңында Болгарияның «Лудогорец» клубын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Клубтардың негізгі құрамдары мынадай:

«Астана»: Чондрич, Бейсебеков, Марочкин, Томашевич, Вороговский, Эбонг, Оганесян, Айымбетов, Урега, Лончар, Дарбо;

«Лудогорец»: Падт, Петровски, Гонсалвеш, Десподов, Витрю, Руссо, Вердон, Сонко-Сундберг, Текпетей, Хайстер, Руан Секо.

Григорий Бабаян негізгі құрамға аздап өзгеріс енгізіп, Марин Томасовты қосалқы құрамда қалдырып, Абат Айымбетов пен Дембо Дарбоны алаңға шығарды.

Алғашқы таймда қарсыластар тең есеппен тарқасты – 1:1. Қонақтар 37-минутта есеп ашты. Болгариялықтар сапынан Ноа Сонко-Сундберг мергендік танытса, 40-минутта алаң иелері сапынан Жарко Томашевич есепті теңестірді.

Ал екінші таймда қарқын қосқан елордалықтар екінші голды соқты. 53-минутта аяғына доп тиген Александр Марочкин мүлт кеткен жоқ.

Командалар арасында қарымта матч 17 тамызда Разградта өтеді.

«Астана» (Астана, Қазақстан) – «Лудогорец» (Разград, Болгария) – 2:1 (1:1)

Голдар: Сонко-Сундберг 35 (0:1), Томашевич 41 (1:1), Марочкин 53 (2:1).