Астана ер адам дүкендегі бір қорап сұйық майды оп-оңай ұрлап кеткен

19 Қыркүйек, 05:19 690

Астаналық ер адам дүкеннің кіре-берісінен бір қорап сұйық майды қолды еткен. Бұл сәт ондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру кезінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады.

Жауап алу кезінде 53 жастағы ер кісі дүкеннің сауда залына кірген кезде ұрлық жасау ниеті болғанын айтқан. Қолайлы сәтті пайдаланып, тауарлар сөресіне жақындап, күнбағыс майлары салынған қорапты жасырын ұрлап әкеткен. Бірақ оңай олжасының нақты саны есінде болмапты. Себебі ол ұрланған тауарды кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға сатып жіберген, ал ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Ер адам кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Зарина Арман
Бөлісу: