«Астана» - «Челси» матчы: билеттерді сатудың екінші кезеңі басталды

9 Желтоқсан, 10:35 686

«Астана» футбол клубының Конференция лигасы аясында «Челсимен» өтетін кездесуіне билеттерді сатудың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Матч 12 желтоқсан күні сағат 20:30-да Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді.

«Астана» - «Челси» ойынына билеттерді сатудың бірінші кезеңі 24 қарашада басталған. Елорда клубы билеттердің жартысынан астамы сатылып кеткенін алға тартты.

Айта кетейік, билеттер құжатпен сатылады. Билеттегі мағлұматтар матч алдында жеке куәлікпен тексеріледі.

«Астана» футбол клубы 2024/25 маусымдағы барлық ойынын Алматыда өткізіп жатыр. Себебі «Астана Арена» жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: