SCAT әуекомпаниясы биыл 8 маусымнан бастап Астана – Батуми бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен әуе қатынасын қайта жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, рейстер сейсенбі және бейсенбі күндері «Боинг-737» типті әуе кемелерімен орындалатын болады. Кейін рейстер саны тағы ұлғаймақ.
Ал биыл шілде айынан бастап рейстердің жиілігі аптасына 3 ретке дейін артады деп күтілуде. Яғни жолаушылар сейсенбі және бейсенбімен қоса, сенбі күндері де Астана – Батуми бағыты бойынша жолға шыға алады, - делінген мәліметте.
Тұрақты әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан мен Грузия арасындағы туристік, мәдени және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.