Астана автобустарында жолаушыларды отырғызу және түсіру ережелері өзгерді

2 Ақпан, 18:12 3886

1 ақпаннан бастап елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікке нақты есікті таңдамай кіріп-шыға алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен бекітілген елордада жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесінің күші жойылды.

Жолаушыларды тасымалдаудың жаңа ережелеріне сәйкес жолаушылардың кіруі мен шығуы барлық есік арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта қоғамдық көлікте аудио ескертулер мен бейнероликтерді алып тастау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: