Астана ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі басталды

2 Қыркүйек 2023, 17:22 1109

Астанада өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды. Олар 29 қазанға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елордада алғаш болып Түркістан облысының аграршылары өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге өз тауарларымен 70-ке жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді, олар 556 тонна өнім әкелді.

Айта кетерлігі, жәрмеңкеде ет және ет өнімдері, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері (оның ішінде қымыз және шұбат), бақша, бал, жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, балық, жұмыртқа және нан-тоқаш өнімдері сатылады.

Барлық өнімдер нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады.

Биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орны өзгерді. Былтыр ол «Астана-Арена» (Тұран даңғылы, 48) алдындағы автотұрақта өткізілсе, биыл жәрмеңкені өткізу орны Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшірілді.

Естеріңізге сала кетейін, елордада демалыс күндері қалалық жәрмеңкелер де өткізіледі. Өткізілетін күндер: сенбі-жексенбі. Оларға азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілер және жақын маңдағы аудандардан шаруа қожалықтары қатысады.

Асқар Таудай
Бөлісу: