23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана халықаралық әуежайында Taxi Point таксиге тапсырыс берудің жаңа жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жүйе елорда қонақтарының ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін жасалған. Бұл – Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі тәулік бойғы алғашқы сервис. Ол ұшып келгеннен кейін бірден белгіленген тариф бойынша таксиге тез және қауіпсіз тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
Жобаны Астана әкімдігінің Astana Tourism туризмді дамыту орталығы жеке инвесторлармен бірлесіп іске асырды.
Біз қалалық туризмді дамытумен, туристерді тартумен және елорданың инфрақұрылымын жақсартумен айналысамыз. Қазіргі уақытта әуежай басшылығының қолдауымен біз туристерге делдалсыз – қауіпсіз және белгіленген бағамен таксиге тапсырыс беруге мүмкіндік беретін жобаны іске қостық, - деді «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығының басқарма төрағасы Артем Квашук.
Әуежайдың келу аймағында терминалдар орнатылған, олар арқылы жылдам рәсімдеуге болады. Маршрутты таңдап, банк картасымен төлеп, такси туралы барлық ақпаратты алу мүмкіндігі қарастырылған: келу уақыты, маркасы, түсі мен көлік нөмірі, сондай-ақ жүргізушінің байланыс нөмірлері.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады