Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес, ұшатын жолаушыларды тіркеу бұдан былай халықаралық рейстерде әуе кемесі ұшқанға дейін (әуе кемесіне және жолаушылар санына байланысты) екі сағат бұрын басталады. Бұрын тіркеу ұшудан үш сағат бұрын басталатын.
Ішкі бағыттар бойынша рейстерге ұшуды тіркеу уақыты өзгеріссіз қалады, яғни тіркеу 1,5 сағат бұрын басталады», - делінген ресми хабарламада.