08.03.2024
21:11
1470

Астана әуежайында мерекелік ғажайып атмосфера орнады

Халықаралық әйелдер күніне орай ер адамдар әйелдер қауымын бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, гүлдер сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басшылық нәзік жандылардың үлесі мен кәсібилігінің маңыздылығын атап өтіп, олардың күнделікті әуежайдың дамуы үшін жасап жүрген толассыз еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

Мерекелік атмосфера мен құттықтаулар бұл күні әуежайға келген барша жанға қуаныш сыйлағаны анық.