22.11.2022
13:27
1857
Астана әуежайын дамытудың 2050 жылға дейінгі бас жоспары әзірленеді

Астана әуежайын дамытудың 2050 жылға дейінгі бас жоспары әзірленеді

Әуе айлағын дамытудың 2050 жылға дейінгі бас жоспарын әзірлеу жөніндегі жоба тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас жоспар жобасына сәйкес, әуежайда екінші ұшу-қону жолағы салынады.

"Жоспар жер учаскелерін пайдалануды, құрылысты, инфрақұрылымның жаңа объектілерінің параметрлері мен технологиялық схемаларын – екінші ҰҚЖ, перрон, терминалдар, ангарларды, сондай-ақ қажетті ресурстарды, оның ішінде арнайы техника мен персоналды жоспарлауды қамтитын болады. Осы жоспардың негізінде болашақта компанияны дамытудың ұзақ мерзімді бизнес-жоспары әзірленетін болады", - делінген хабарламада.