«Астана-Ақтөбе» тальго пойызының маршруты Оралға дейін ұзартылды

13 Тамыз, 16:07 412

Орал қаласының тұрғындарынан түскен көптеген өтініштерге байланысты 2024 жылдың 19 қыркүйегінен бастап №81/82 «Астана-Ақтөбе» тальго пойызының маршруты Оралға дейін ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚТЖ мәліметінше, пойыз күн ара қатынайды. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады.

Пойыз күн ара шамамен 350 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Пойыз Астана, Қостанай, Ақтөбе және Орал сияқты ірі қалаларды қоса алғанда, 15 станцияда аялдайды, - деліген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: