"Астана"-"АПОЭЛ" матчы туралы 10 дерек

17 Тамыз 2015, 06:00

18 тамыз күні сағат 22:00-де «Астана Арена» стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч - «Астана» мен АПОЭЛ (Кипр) арасында өтеді.

18 тамыз күні сағат 22:00-де «Астана Арена» стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч - «Астана» мен АПОЭЛ (Кипр) арасында өтеді.

1) Никосия мен Астана қалаларының арасы 3500 шақырым екен. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі командалардың арасында ең ұзақ жолға шығатын кипрлік клубтың өкілдері екен.

2) Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басысының орынбасары Е. Чупековтің айтуынша, сағат 20:00-ден бастап матч біткенге дейінгі аралықта Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран аумағында, сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар мен Хусейн Бен Талал көшелерінде жол қозғалысы шектеледі. Айналып өту маршруты - Орынбор көшесі.

3) Аталмыш футбол матчын тамашалауға 30 мыңнан астам жанкүйер келеді деп күтілуде.

4) Көрермендерді жинау және жеткізу үшін Астана қаласы әкімдігі бөлген арнайы автобустар қатынайды. Атап айтқанда, аталмыш қоғамдық көліктер «Қазақстан» спорт кешені, «Салтанат Сарайы», Елордалық цирк, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіті және Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион тұрағы алдында тұрады. Одан бөлек, №10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51 және 61 автобустары қатынайды.

5) Қоғамдық тәртіп пен футбол матчы кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 2 мыңға жуық сарбазы күшейтілген режимде өз қызметтерін атқарады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 

6) Егер Астана командасы кипрлік команданы екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіп жатса, қазақ футболы тарихында Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін алғашқы командаға айналады.

7) Астана мен АПОЭЛ тарихында бірінші рет кездескелі отыр. Бұрын соңды «Астана» клубы кипрлік клубтарға қарсы бірде-бір матч өткізбеген, «АПОЭЛ» туралы да дәл солай айтуға болады.

8) Тарихта қазақстандық команда мен Кипр командалары екінші мәрте кездескелі отыр. 2003-2004 жылғы Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңіне іріктеу сындарында «Омония» және «Ертіс клубтары» ойнаған болатын. Сол кезде кипрлік клубтың мерейі үстем боп, қазіргі «АПОЭЛ» сапында ойнайтын Статис Алонефтис сол кезде «Омонияның» құрамында болған.

9) «АПОЭЛ» командасы плей-офф кезеңінде мүлдем сүрініп көрмеген екен. Бұған дейін іріктеу сындарының соңғы сатысында «Копенгаген» (2009/10), «Висла» (2011/12) және «Ольборг» (2014/15) командаларынан басым түскен.

10) Қазақстан мен Кипр ұлттық құрамалары да бұған дейін бір-ақ рет кездескен. Лимасол қаласында 2004 жылы жолдастық кездесу өткізіп, Кипр жеңіске жеткен екен. Сол кезде жеңіс голын қазіргі «АПОЭЛ» сапында ойнайтын Костас Хараламбидес соққан.


Әзірлеген: Жандос Мейірбекұлы.

Бөлісу: