30.12.2025
13:18
3041
Астана, Алматы, Шымкент: Жаңа жыл мерекесінде қайда баруға болады?

Астана, Алматы, Шымкент: Жаңа жыл мерекесінде қайда баруға болады?

Биыл қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесінде 1-4 қаңтар аралығында қатарынан төрт демалыс күні күтіп тұр. Бұл – Жаңа жылды үйде ғана емес, қалада түрлі мәдени-ойын-сауық шараларымен қарсы алуға тамаша мүмкіндік. El.kz интернет порталы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтетін мерекелік іс-шаралар топтамасын ұсынады.

Астанада Жаңа жылды қайда қарсы алуға болады?

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, 31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден бастап қаладағы үш негізгі алаңда – «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда, EXPO аумағында және қала әкімдігі алдындағы орталық алаңда мерекелік концерттер өтеді.

Концерттік бағдарламаларға қазақстандық эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, «Меломен», «Бәйтерек» топтары және басқа да өнерпаздар қатысады.

31 желтоқсан

Алматы ауданы: сағат 12:00-ден бастап «Жерұйық» саябағында, «Теміржолшылар» және «Үркер» тұрғын алаптарында;

Нұра ауданы: «Жағалау» скверінде;

Сарайшық ауданы: «Отау» және «Өнеркәсіптік» тұрғын алаптарында;

Байқоңыр ауданы: сағат 14:00-ден бастап «Ататүрік» саябағында және «Өндіріс» тұрғын алабында;

Есіл ауданы: «Бағыстан» тұрғын алабында;

Сарыарқа ауданы: «Қорғалжын» скверінде мерекелік концерттер өтеді.

1 қаңтар

09:30 – Ұлттық музейде «Генезис» көрмесі (кіру билеттер арқылы);

11:00 – Lumiere Hall музейінде «Ван Гог. Жанданып тұрған полотнолар» көрмесі;

18:00 – Carlin Stand Up Bar-да жаңа жылдық стендап кеші;

«Абу-Даби Плаза» СОО-да интерактивті «Жоғалған ойыншық туралы ертегі» қойылымы (сеанстар қазақ және орыс тілдерінде).

2-4 қаңтар

Қуыршақ театры, Горький атындағы драма театры, балаларға арналған шоу-бағдарламалар мен квест-ойындар өтеді (барлығы билет арқылы).

Ал белсенді демалысты жақсы көретіндер үшін бас қалада тегін мұз айдындары да бар.

Астанадағы тегін мұз айдындары

Қала тұрғындары мен қонақтары мына орындарда тегін сырғанай алады:

«Қазақ елі» алаңы;

Орталық саябақ;

«Ғашықтар» паркі;

«Үркер» тұрғын алабы;

Бейбітшілік көшесіндегі қалалық алаң;

«Көктал» паркі және басқа да нысандар.

Ақылы мұз айдындары – «Алау» және Mega Arena кешендерінде жұмыс істейді.

Алматыда Жаңа жыл қалай өтеді?

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 31 желтоқсан күні сағат 18:00-ден 00:30-ға дейін «Астана» алаңында ауқымды жаңа жылдық бағдарлама өтеді. Кеш барысында эстрада жұлдыздарының концерті, DJ Battle және мерекелік шоу ұйымдастырылады.

31 желтоқсан – 4 қаңтар аралығы

Алматыда театр қойылымдары, балалар шыршалары, джаз концерттері, стендап кештер, кино көрсетілімдер мен көрмелер өтеді.

Алматыдағы тегін мұз айдындары

Тұңғыш Президент саябағы;

28 панфиловшы саябағы;

Almaty Arena;

Halyk Arena;

Республика сарайы маңы және басқа да орындар.

Ақылы мұз айдындары: Olimpic Arena, «Димаш» мұз аренасы, Dostyk Plaza жанындағы мұз айдыны.

Шымкенттегі жаңа жылдық бағдарлама

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, 31 желтоқсан күні сағат 19:30-да «Астана» алаңында «Төрлет, Жаңа жыл!» атты мерекелік гала-концерт басталады. Кеште жергілікті өнерпаздармен қатар Әділет Жауғашар, DejaVu тобы, Нематилло Зкруллаев, Астана Қарғабай және «Шымкент сазы» байқауының жеңімпаздары өнер көрсетеді.

1-4 қаңтар

Театр қойылымдары;

Шымкент циркінде «Никулин циркі суда» бағдарламасы.

Шымкенттегі тегін мұз айдындары

Нұрсат шағынауданындағы Астана алаңы (ең үлкен мұз айдыны);

Мұз сарайы маңы;

Арбат.

Астана алаңындағы мұз айдынының жұмыс уақыты:

жұмыс күндері – 15:00-01:00;

демалыс күндері – 12:00-01:00.

Өз конькиіңмен кіру – тегін.

Ақылы мұз айдыны: Mega Shymkent сауда орталығында жұмыс істейді.