Астана 2025 жылдың 9 айында өңірлер арасында инвестиция тарту көрсеткіші бойынша бірінші орынға шықты , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы өкілі Нұржан Әшімовтің айтуынша, биыл қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгеге жеткен, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық.
Негізгі өсім жылжымайтын мүлік, көлік, қойма қызметтері, білім беру, өнеркәсіп және қаржы салаларында байқалған. Осы жылдың соңына дейін 120 млрд теңге көлемінде 29 ірі жобаны іске асыру жоспарланған, оның 13-і қазірдің өзінде жүзеге асқан.
Қазақстанға биыл 10,1 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған.