ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Ерік Мейірханов тағайындалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, ол еңбек жолын халықаралық мұнай-газ компаниясында бастаған. 2011 жылдың наурызынан 2012 жылдың мамырына дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет етті. Соңғы жылдары ҚР Президенті Протокол қызметінің инспекторы, қызмет бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.