Астана әкімі жарықтың сөндірілуіне байланысты жағдайды түсіндірді

30 Қазан 2023, 00:27 683

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін Instagram парақшасында елорадада жарықтың неліктен сөндірілгені туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Бірқатар шағын аудандарда апатқа байланысты желілерде электр қуаты жоқ. Барлық төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтер апатты жою үшін жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты шахмат тәртібімен қайта қосылып жатыр: ішінара Оңтүстік-Шығыс, Мыңжылдық аллеясы, бірқатар тұрғын елді мекендері және т.б. Жақын арада барлық басқа учаскелер электр қуатына қосылатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін елорданың кейбір аудандарында жарық сөніп қалғанын хабарладық.

Перизат Саденова
Бөлісу: