06.10.2024
10:36
1376
Астана әкімі АЭС бойынша референдумда дауыс берді

Астана әкімі АЭС бойынша референдумда дауыс берді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында АЭС бойынша дауыс бергені туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таңертең №211 сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім. Қалада 460 сайлау учаскесі ашылды. Тұрғындар дауыс беру үшін өз учаскелерін ресми веб-қызмет: https://referendum.astana.kz/, Telegram чат-боты: https://t.me/referendum_astana_bot, IKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі, «Smart Astana» мобильді қосымшасының «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу» арқылы біле алады.

Бүгін сайлау учаскелерінде еңбек етіп жүргендердің бәріне алғыс білдіремін! – деп жазды Жеңіс Қасымбек.