28.07.2025
23:39
380
Ассы жазығында жоғалған төрт адам құтқарылды

Ассы жазығында жоғалған төрт адам құтқарылды

Алматы облысы ТЖД күшімен Еңбекшіқазақ ауданындағы Ассы жазығында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ТЖМ мәліметінше, кеше кешке Ассы жазығына төрт азамат — 1995 жылы туған ер адам, 1995 жылы туған әйел адам, 1997 жылы туған ер адам және 2021 жылы туған бала — шыққан. Олар кешке дейін оралмаған соң, туыстары дабыл қағып, көмек сұраған. Көліктің дөңгелегі бұзылып қалғандықтан, олар таулы жерде түнемеге мәжбүр болған.

Барлығы ТЖМ құтқарушылары тарапынан табылып, аман-есен туыстарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ азаматтарды таулы және қол жетуі қиын аймақтарға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ сапар алдында туыстары мен тиісті қызметтерге жоспарланған бағыт туралы алдын ала хабарлауға шақырады.