21.07.2024
22:13
1470
Ассы үстіртіне аттанған 67 жастағы ер адам табылды

Ассы үстіртіне аттанған 67 жастағы ер адам табылды

Алматы облысы Ассы үстіртінен 67 жастағы ер адам табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, 1957 жылы туған ер адам достарымен бірге Еңбекшіқазақ ауданына Ассы үстіртіне бара жатқан жолда көліктен түсіп, жаяу жүру туралы шешім қабылдаған. Бірақ ол обсерваторияға жете алмай, жол бойындағы киіз үйде түнеген.

РЖҚЖ құтқарушылары ер адамды тауып, ұлына тапсырды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.