24.04.2023
10:30
1343
Ассамблея төрағасының екі жаңа орынбасары тағайындалды

Ассамблея төрағасының екі жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ассамблеяның сессиясы қарсаңында ҚХА төрағасының жаңа екі орынбасары тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін орынбасар болған Тауфик  Каримов және Наталья Дементьева қызметінен босатылды.Олардың орнына Акбаржон  Исмаилов және Аурика  Дяк тағайындалды.

Айта кетейік,  26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті отырысы өтеді.