12.11.2022
19:20
2547
Асланбек Шымбергенов Азия чемпионы атанды

Асланбек Шымбергенов Азия чемпионы атанды

Бүгін Амманда бокстан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. 

71 келіге дейінгі финалда Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов ринг қожайыны Зеяд Ишаишты жеңді.

29 жастағы Асланбек карьерасында алғаш рет Азия чемпионатының жүлдесін иеленді. Ол 2018 жылы Азияданың күміс жүлдегері атанған болатын.