Әскерилер Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтті

22 Наурыз, 22:46 676

Ақтау гарнизонының теңіз жаяу бригадасының жеке құрамы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын дәстүрлі түрде атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мерекелік іс-шара әскери бөлімнің саптық алаңында ұйымдастырылды. Әскери қызметшілердің отбасыларымен өткізілген іс-шараға мыңдаған адам қатысты. Әскери бөлімнің аумағына киіз үйлер тігіліп, қазақтың ұлттық ойындары арқан тартыс, қазақша күрес, қол күрестіру, гір тасын көтеру және асық ату  секілді спорт түрлерінен әскерилер бақ сынасты.

Бүгінгі өткізілген мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті, барлық әскери қызметшілер белсенді қатысты, Наурыз мейрамы қарсаңында барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын, еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, - деп атап өтті әскери бөлім командирі подполковник Азамат Сүлейменов.

Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара жеңімпаздарды құттықтау рәсімімен және көркемөнерпаздар концертімен жалғасты. 

Зарина Арман
Бөлісу: