Әскери ұшқыштар дағдарыс аймақтарына 10 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізді

31 Наурыз, 00:12 678

ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері тікұшақтарының экипаждары жергілікті халықты құтқаруға, азық-түлік, жылы киімдер мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, құтқару жұмыстары Ақтөбе, Қостанай және Абай облыстарында жүргізіліп жатыр.

30 наурызда әскери ұшқыштар 38 мәрте ұшу жасады. Жалпы ұшу 15 сағаттан астам уақытты құрады. Осы аралықта 222 адам эвакуацияланды.

Табиғи апат аудандарына салмағы мың келі апаттан құтқару мүлкі мен төтенше жағдайлар қызметінің 19 маманы жеткізілді. Эвакуациялық пункттерге 10 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жеткізіліп, түсірілді, - делінген мәліметте.

Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы тәулік бойы экстремалды жағдайда жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта құтқару шараларына 7 тікұшақ жұмылдырылған.

Зарина Арман
Бөлісу: