Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

24 Маусым, 14:44 333

Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды

 

Серік Жақсығалиұлы Киев жоғарғы әскери-теңіз политехникалық училищесі, Әскери университет, Әскери университеті жанындағы адъюнктурасы мен Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстарында оқыған.

Серік Борамбаев қызмет жолын Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған. Әр түрлі жылдары Атырау облыстық әскери комиссариатында Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери-теңіз бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Мансұрұлы Бекжанов Қазақстан Республикасының қарулы күштері әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: