Әскери-техникалық мектептерге ақысыз оқуға қабылдау жүріп жатыр

15 Шілде 2023, 04:29 1198

Қарулы күштерді жасақтау қажеттілігіне сәйкес әскери жүргізушілерді даярлау жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ретте әскери-техникалық мамандық бойынша оқу мерзімі – үш ай. Мектеп түлектері «В», «С» және «С1» санатындағы жүргізуші куәлігін алады.

Заң бойынша «С» санаты бойынша автокөлік құралын жүргізу құқығы 21 жастағыларға ғана беріледі. Ал жергілікті әскери басқару органының жолдамасы бойынша біздің мектепті бітірген жастарға мұндай мүмкіндік 18 жасында беріледі, – деді Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Алматы филиалының директоры полковник Мирас Жылгелдин.

Оқу кезеңінде курсанттар мемлекет есебінен тұрғылықты жермен, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Биылғы жоспар бойынша Әскери-техникалық мектептің Алматы филиалында 60-тан аса адам білім алады. Осылайша, Қарулы күштер қызметке дайындалған әскери-техникалық бейіндегі мамандарды толықтырады.

Техникалық мамандықты меңгеру еңбек нарығында сұранысқа ие екенін де атап өткен жөн.

Берік Арманов
Бөлісу: