Ақтауда Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Каспийдің жағалау аймағын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында "Жылы жағажай" аумағында ауқымды сенбілік өткізілді. Іс-шараға 29011 әскери бөлімінің 80 әскери қызметшісі қатысты.
Қаланың әр саласының өкілдері сенбілікке өз бастамасымен шыққандарын көріп, біз де "Таза Қазақстан" акциясына қосылуға және осы игі істі өзіміз қолдауға шешім қабылдадық. Мұндай іс-шаралардың маңызы зор, – деп атап өтті 29011 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Асылхан Маралбаев.
Сарбаздар теңіз жағалауын қоқыстардан тазартып, табиғатты қорғауға үлес қосты. "Жылы жағажай" аумағынан барлығы 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.