Әскери қызметшілер Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

11 Мамыр, 10:46 505

Астанада Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш шараға ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, еңбек ардагерлері, қоғам өкілдері және елордадағы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері қатысты.

Ержүрек мерген қыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, салтанатты рәсімге қатысушылар екінші дүниежүзілік соғыста шейіт болған қазақстандықтарды бір минут үнсіздік тұрып еске алды.

Кездесу соңында Мәулен Әшімбаев аумақтық қорғаныс әскери қызметшілерімен қысқаша әңгімелесті. Парламент спикері су тасқынына қарсы күреске әскери қызметшілердің қосқан үлесін атап өтті. Бұдан басқа ол Қазақстан сыртқы саясатты бейбіт жүргізе отырып, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қамқорлық жасауы тиіс екенін атап өтті. Бұл тұрғыда кез келген сәтте тәуелсіздікті, елдің аумақтық тұтастығын қорғауға және халыққа қол ұшын созуға дайын Қарулы күштер жетекші рөл атқаратынын алға тартты.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: