Әскери қызметші баласының жаназасына келген 13 адамды атып тастады

24 Шілде 2023, 19:14 2924

Конгода әскери қызметші баласының жаназасына келген адамдарға оқ жаудырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Linterview.cd басылымының жазуынша, оққа ұшқандардың арасында тоғыз бала бар.

Жаппай адам өлтіру елдегі Итури провинциясындағы Чомиа ауылында орын алған. Әскери қызметші қандықол әрекетін өзі жоқта көз жұмған ұлының қазасымен байланыстырып отыр. Баланың неше жаста болғаны айтылмаған.

Оқиғадан соң ер адам қашып кеткен, оған іздеу жарияланды.

ТЖ зерттеу басталды.

Ауылдың старосты Оскар Барака Мугува атыстың салдарынан 13 адамның, соның ішінде, 9 баланың қаза тапқанын айтты.

Перизат Саденова
Бөлісу: