Әскери институттың курсанты қаза тапты

3 Наурыз 2023, 09:15 836

Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1-курс курсанты өлі күйінде табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өмір белгілерісіз табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді», - делінген хабарамада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.

EL.KZ
Бөлісу: