29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘскери-әуе күштері дербес байланыс батальонының жеке құрамы Жетісу облысы Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылының тұрғындарына көмекке барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қатты жауған жауын-шашын салдарынан сел жеріп, тау бөктерінде орналасқан елді мекендегі 40 ауланы су басып қалды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, құтқару шараларына алғашқы болып облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы жабдықтармен және техникамен жабдықталған жүзден астам маманы келіп жетті. Өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес құтқарушыларға полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің және жедел медициналық жәрдем ауруханасының мамандары қосылды.
Табиғи апат орын алған оқиға орнына 18386 әскери бөлімінің әскери байланысшылары бөлім командирі майор Арман Сырғабаевтың басшылығымен орнына арнайы техникамен келді. Олар аулаларды су басу қаупін жою үшін тасқын суды бұрумен, арықтарды тазартумен айналысып, адамдарды эвакуациялауға көмектесті, - делінген мәліметте.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек