Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Гвардейск гарнизонында 2016 жылғы көктемде Қазақстанның Қарулы Күштері қатарына шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді шығарып салу рәсімі өтті.
Салтанатты шара «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Марат Құсайыновтың басшылық етуімен өтті. 21450 әскери бөлімінің алаңқайында салтанатты сап түзеу өткізілді. Онда адал қызмет атқарып, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Оның ішінде, қызмет өткеру барысында өздерін тәртіпті, атқарушы әскери қызметшілер ретінде көрсеткен 82796 әскери бөлімінің аға топогеодезисті ефрейтор Архат Білісбекті, 75263 әскери бөлімі инженерлік-саперлік ротасының аға шебері қатардағы жауынгер Аслан Әлібаевті, 21450 әскери бөлімі мотоатқыш батальонының оқшашаршысы қатардағы жауынгер Қозы Бүркітбайұлын атап өту қажет. Аталған мерзімді әскери қызметшілер өздерінің мамандықтарын меңгеріп, әскери ұжымдардың қоғамдық өміріне белсене атсалысты.
«Әскерде қызмет ету – бұл нағыз өмір мектебі, шыңдайды және нағыз ер азамат болуға жетелейді. Бұл жерде мен терең білім алып, тәжірибе жинақтадым, тіпті, жаңа мамандықты игеріп алдым», - деп ефрейтор Архат Білісбек атап өтті.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді