Әскерде тағы бір сарбаз өзін-өзі атып тастады

14 Қазан, 20:02 759

Қазақ армиясында тағы бір сарбаз суицид жасады. Ол қарауылда тұрып, өзін-өзі атқан. Оқ басына тиген. Оқиға Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде 14 қазан күні болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

ҚР Құрық әскерлері баспасөз қызметі аталған фактіні растады және бұл оқиға сарбаздың әскери қызметімен байланысты емес екенін алға тартты. Алдын ала болам бойынша жауынгер отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде суицид жасаған. 

Айта кетсек, марқұм болған сарбаз екі аптадан кейін үйіне қайту керек болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Зарина Арман
Бөлісу: