Әскерде борышын өтеген азаматтарға арнайы жеңілдіктер берілуі мүмкін

28 Ақпан, 12:52 785

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әскерге барып өз борышын өтеген азаматтар үшін арнайы жеңілдіктер беруді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат, біріншіден, осы санат үшін арнайы квота енгізуді ұсынды.

Екіншіден, олар осы квоталар шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына арнайы дайындалған емтихандар негізінде түсу мүмкіндігін алады. Үшіншіден, осы азаматтарға жатақханада орын бөлген уақытта басымдық беріледі, - деді Аймағамбетов.

Миражан Махан
Бөлісу: