Әскерде әлімжеттік көріп, комаға түскен сарбаз есін жиды

26 Шілде, 14:02 1267

Отарда әлімжеттік көрген 19 жастағы мерзімді сарбаз Нұржігіт Әбдіпатта  есін жиып, өзіне келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қуанышты жаңалықты сарбаздың әкесі Тимур Жаналин хабарлады. 

Бұған дейін халыққа жария етуге батылымыз жетпеді. Біз үшін қиын сәтте жанымызда болып, қолдау білдірген, дұғада болған адамдар үшін жақсы жаңалығымызды бөліскіміз келіп отыр. Сіздердің дұғаларыңыз біз үшін үлкен көмек болды. Көп нәрсе айтуға болады, бірақ біздің эмоциямызды видеодан-ақ көрсеңіздер болады, - дейді Тимур Жаналин. 

Еске салайық, Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз әлімжеттік құрбаны болып, маусым айында комаға түскен еді. Құқық қорғау органдары Қылмыстықтық кодекстің 451-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ПОИСКОВЫЙ ОТРЯД РЕГИОН 10 (@poisk_region_10)

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: