Ашығудың пайдасы

26 Сәуір 2021, 15:46 19084

 

Ашығу – адам ағзасын жақсарту мен детоксикация жасаудың ең тиімді әдісі. Ашығудың пайдасы туралы түсінік сонау Гиппократ заманынан бері бар. Ашығу арқылы дене массасының салмағын бақылауда ұстауға болады және жүрек қан тамыр жүйелерінің жағдайын жақсартып, ескі жасушалардың жаңаруына мүмкіндік бересіз.

 

Қазіргі кезде ашығудың түрлі әдістері бар. Күрделілігіне қарай нәтижесін көруге болады. Олай болса ашығудың адам ағзасына тигізер пайдасын тізбектеп көрейік.

 

Ашығу дененің физикалық жағдайын жақсартады

 

Ашығу арқылы біреулер артық салмақтан құтылғысы келсе, келесі біреулер өзін жеңіл әрі сергек сезіну үшін сол қадамға барады. Көп жағдайда ашығу ағзаға түрлі тәсіл арқылы оң әсерін тигізеді. Әсіресе гормондардың жұмысын реттеп, ағзадағы майдың метаболизмасын жақсартады.

 

Тоқтық сезімін сыйлайды

 

Эндокриндік ағзадағы май талшықтары бірнеше гормондарды түзу арқылы өз қызметін атқарады. Солардың бірі – лептин деп аталады. Лептин бірінші кезекте көңіл-күйге әсер етеді. Ашығу және артық салмақтан арылу кезінде ағзадағы аштық сезімі мен тамақ ішкеннен кейінге тоқтық сезімін сезінуде лептиннің рөлі басым. Ашығу кезінде лептиннің көрсеткіші алдымен төмендейді. Есесіне артық салмақпен қош айтысу барысында дәл осы гормонға деген резистенттік жанама әсер күрт ұлғаяды. Сол арқылы адамда тоқтық сезімі пайда болады.

 

Зат алмасуды реттейді

 

Бұдан өзге лептин қалқанша безіндегі гормондардың жұмысын жақсартады. Лептинге деген жоғары сезімталдылық зат алмасуды күшейтеді. Егер де қалқанша безде қандай да бір мәселе бар болса ойланбастан ашығуды әдетке айналдырған жөн.

 

Майды ерітеді

 

Кетоз – ағза көп мөлшерде энергия алу үшін майларды ерітіп, жеп бастағанда көп мөлшерде кетон денесі түзіледі. Бұл процесс әдетте жасушалардың көмірсутек бойынша ашығуы нәтижесінде болады. Ашығу барысында немесе пайдалы майларға бай рационмен тамақтанда кетоз күйіне қол жеткізе аласыз. Артық майлар әдетте бүйрек, бауыр секілді ішкі ағзалардың айналасына жиналады. Артық май түзілген органның жұмысы нашарлайтынын айтпаса да түсінікті. Ашығу әсіресе интервалдар арқылы ашығу арқылы кетоз күйіне енуге мүмкіндік басым.

 

Инсулинге деген сезімталдылықты арттырады

 

Ашығу кезінде ағза жеткілікті деңгейде глюкоза алмағандықтан, инсулин аз мөлшерде түзіледі. Мұндай гормонның төмен көрсеткіші инсулинге сезімталдылығы жоғары адамдарға пайдалы.

 

Жүрек қан-тамыр жүйелерінің жұмысын жақсартады

 

Зат алмасу процессі нашар адамдар үшін ашығудың пайдасы шаш етектен. Зат алмасуы төмен адамдардың жүрек қан тамыр жүйелерінде міндетті түрде проблема болады. Ашығу бірінші кезекте жүрек қан тамыр жүйелерінің жұмысын жақсартып, қан айналымды реттейді, артериалды қан қысымын тұрақтандырады.

 

Қан қысымын реттейді

 

Ашығу кезінде әсіресе алғашқы аптада артериалды қан қысымы төмендейді. Күнделікті тұтынатын тұз бен оның ағзадан несеп арқылы шығу мөлшері төмендегендіктен қан қысымына тікелей әсері бар.

 

Қант мөлшерін төмендетеді

 

Ашығуды бастаған алғашқы күндерде-ақ қан құрамындағы қант мөлшері кемінде 30% төмендейді. Бұл әсіресе гипергликемияға жақын жандарға пайдалы. Ағзада қант мөлшерінің төмендеуі әлбетте энергияның төмендеуіне әкеледі. Десе де ашығуды жалғастыра берсе қант мөлшері тұрақтанады.

 

Қандағы триглицеридтерді қалыпқа келтіреді

 

Ашығу барысында қан құрамындағы триглицеридтер төмендейді, соның арқасында күретамырдың құрғау қаупі сейіледі.

 

Жүректің жұмысына оң әсерін тигізеді

 

Жануарларға жасалған зерттеу нәтижесі жүректің жұмысын жақсартатынын көрсеткен. Араға уақыт салып, ашығу жүректің бұлшық етін жақсартып, бос радикалдардың зиян тигізуіне жол бермейді. Екінші жағынан жүрекке қан тасымалдайтын тамырлардың жұмысын жақсартады.

 

Қартаюды ұзартып, өмір сүру ұзақтығын ұлғайтады

 

Қазіргі таңда ашығудың ұзақ өмір сүруге пайдасы зор екені көп айтылып жүр. Қан айналымның жақсаруы өмірдің сапасына әсіресе әдемі қартаюға оң әсер етеді. Ашығу жалпы организмге сергектік беру арқылы өмір сүру ұзақтығын ұлғайтады.

 

Ісікті қайтарады

 

Денеде ісіктің болуына түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Солардың бірі – бей-берекет тамақтану рационы деп айтуға болады. Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан бос радикалдар мен заттектерге қызмет көрсету басым болады. Нәтижесінде ісік пайда болады. Рафинадталған қант және көмірсутектерге бай тағамдар, алкоголь, ет, сүт өнімдері мен қуырылған тағамдар ісіктің пайда болуына әсер етеді. Бұған қоса ағзадағы метаболистік реакциялар да ісіктің пайда болуына әсерін тигізуі мүмкін. Яғни супероксид немесе сутек пероксиді секілді бос радикалдардың пайда болуын айтамыз. Тамақтан бас тарту арқылы ісіктің бетін қайтаруға мүмкіндік зор. Ашығу арқылы гормондар балансын қалыпқа келтіруге болады. Ол бірінші кезекте ісікке жол бермейді.

 

Оксидативті күйзеліске қарсы тұра алады

 

Бос радикалдар мезгілінен бұрын қартаюға итермелейтін бірден-бір фактор екені жасырын емес. Ашығу кезінде қан құрамы жақсарып, гормондардың сигнал функциясының жұмысы жақсарады. Осылайша оксидативті стресстің мөлшері азайып, жасушалар мен талшықтарды сау күйінде сақтап қалуға мүмкіншілік береді.

 

Жасушалардың қайта түзілуіне оң әсерін тигізеді

 

Жыл өткен сайын ағза қартая береді. Ағза қартайған сайын зақымдалған жасушалар көбейе береді. Зақымдалған жасуша түрлі аурулардың бас көтеруіне әкеледі. Ал, ашығу кезінде ағазада аутофагия (жасуша деңгейінде болатын қалыпты регенерация процессі. Қарапайым тілмен айтқанда, кейбір аурулардың пайда болуына тосқауыл қою, ғұмырды ұзарту процессі). Алаайда қайта өңдеу әрекеті тек май жасушаларын ғана емдемей «қалыпқа келмейтін» өзге де жасушалардың өміршең болуына әсерін береді. Ашығу – зақымдалған талшықтарды жояды.

 

Бойдың өсуіне оң әсері бар

 

Диета немесе ашығу кезінде ағзада IGF-1 (бойдың өсуіне әсер ететін инсулинге ұқсас фактор) аз мөлшерде түзіледі. Дәл осы гормон ағзадағы рак жасушаларының таралуына әсер етеді деген болжам бар. Нәтижесінде IGF-1 мөлшерінің төмендеуі обыр ісігінің оянуына, пайда болуына тосқауыл болады. Ашығу тек сау емес жасушаларды жоюмен шұғылданып қана қоймай, пайдасыз гормондардан да құтқарады.

 

Миды қорғайды

 

Соңғы он жылдықта мидың жұмысын зерттеуге бағытталған зерттеулер айтарлықтай көбейді. Мидың жұмысына деген қоғамның қызығушылығы әдемі қартаю мен қарттық шақта когнитивті қабілеттерімізді сақтап қалумен түсіндіріледі. Бақытымызға орай ашығу мидағы қорғаныш қабілетін күшейтеді.

 

Зиянды ақуыздардың түзілуіне тосқауыл болады

 

Кейбір ақуызға бай тағамдар мидағы ісікті жандандыруға бейім болуы мүмкін. Ашығу немесе калориясы мықты тағамды шектеп тұтыну ағзада тітіркенуге әкелетін бос радикалдардың түзілуіне жол бермейді. Ол дегеніңіз ісік цитокині деген сөз. Және бұл процесс мидың ерте қартаюының алдын алады.

 

Күйзеліске адекватты қарауға көмектеседі

 

Кейде аздаған стресстің де ағзаға пайдасы бар. Неге десеңіз ол ағзаны нығайтуға шақырады. Бұл миға да қатысты айтылған дүние. Ашығу арқылы ми жұмсақ стресске ұшырайды, нәтижесінде мидың өлуіне немесе зақымдануына жол жоқ.

 

Жарақаттан кейін тез жазылуға ықпалын тигізеді

 

Егер денеде қандай да бір жарақат болса, ашығып көріңіз. Зерттеулер араға уақыт салып ашыққанда миына зақым тиген адамдардың миының жұмысы жақсаратынын көрсеткен. Мәселен, инсульт алған немесе жарақаттың әсерінен қандай да бір ауруға шалдыққандар үшін ашығу өте пайдалы. Бұл әрине әзірге ғылыми болжам.

 

Терідегі коллагеннің мөлшеріне оң ықпалы бар

 

Тамақтану рационы теріңіздің жағдайына тікелей әсер етінін ескерсек, ашығудың да теріге тигізер өзіндік әсері бар. Қанның құрамындағы қант мөлшерінің шектен тыс көп болуы коллагеннің құрылымын бұзып, төзімділігін төмендетеді. Ашығу кезінде қант мөлшері төмендейтінін қаперімізде ұстасақ, теріге оң әсерін беретінін болжауға болады.

 

Ашыққан сайын энергия бөлінеді

 

– Алланың жаратылысы керемет қой, негізі жасушалар өздері бір-бірінің орнын толтырып жаңартып отырады,- дейді терапевт, нутрициолог, диетолог дәрігер Әйкерім Биболатқызы. – Олар қалай жаңарады? Ескі немесе қалдық жасушалар мен бактериялар ақуызды пайдаланады. Ақуыз жеткіліксіз болған кезде зақымданған жасушалар жинала береді. Ағзадан шықпаған соң, қауіпті бактерияларға айналады... Аурудың басы - осы... Осы токсин, бактерия, обыр жасушаларын жоятын бір-ақ нәрсе бар: ол - ашығу. Ашыққан кезде ағзадағы қалдық жасушылар шығарылады. Ал жаңарған жасушалардың өмір сүру ұзақтығы ұлғайып, энергия бөлінеді. Онымен қоса ағзадағы қабыну процесі азаяды. Тұтынатын тағамдардың каллориясы азайғасын, артық салмақ та кетеді. Ал бұл ағзаның жасаруына мол мүмкіндік!

(Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды)

 

Әйкерім Биболатқызының пікірінше, ашығуды жиі әдетке айналдырған адам келесідей аурулардың алдын алады.

 

 

 

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың 95%-ы астан екенін ескертеді. Аталмыш ұйым осындай қорытынды шығарған.

 

«Ауру меңдегенде, «Енді не істейміз?» дей де алмай қаласыз. Ауырсынуды басқаннан басқа ештеңе жасай алмайсыз. Сондықтан сауатты ашығуды, тамақты аз жеуді, дұрыс тамақтануды дәл қазірден бастап өмірге енгізген жөн. Әрине, ұзақ ғұмыр сүргісі келетін, қарттығына әдемі жеткісі келетін жандар үшін айтар кеңесім осы»,- дейді Әйкерім ханым.

 

Дәрігердің пікірінше, ашығу кезінде ағза жылдар бойы жиналған токсин мен шлактардан арылады. Бұл асқазан, ішек, бауыр-өт жолдарының дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі. Жүрек-қан тамырлары қызметі жақсарады. Иммунитет күшейеді. Яғни кез келген ауруға қарсы тұрар денсаулық болады. Гормон қызметі реттеледі. Артық салмақтан арыласыз.

 

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: