АШМ жылыжайларды субсидиялай бастады

2 Желтоқсан 2023, 13:21 797

АШМ жабық топырақта көкөніс өсірудің табыстылығын арттыру арттыру мақсатында басым дақылдар шегінде өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізді. Түзетулер маусымаралық кезеңде субсидиялау мөлшерлемелері бойынша 1 гектарға шығындарды (электр энергиясы, газ, көмір үшін) субсидиялауды көздейді.

Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялау нормативтерін жергілікті атқарушы органдар бекітуі тиіс. Бүгінгі таңда Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайлар үшін ағымдағы жылға арналған субсидиялардың көлемі мен нормативтерін бекітті.

ЖАО қабылдаған нормативтер субсидиялаудың бiрыңғай мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнiң (СБМАЖ) базасына енгізілді. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін ашық.

Бюджет қаражатын тиімді жұмсау, сондай-ақ барлық агротехнологиялар сақталатын жылыжайларды қолдау үшін өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының (есебінің) болуы міндетті талап болып табылады. Ұлттық стандартты ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті АШМ және бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірледі. Ол 2023 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енді.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 756 өтінім қабылданып, фермерлік жылыжайлар үшін 726 сертификат берілді. Жұмыста 30 өтінім бар.

Сертификат алу бойынша барлық сұрақтар бойынша ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне хабарласуға болады. Стандарт new-shop.ksm.kz сайтында орналастырылған.

Сонымен қатар, АШМ инвестициялық субсидиялау аясында жылыжай кешендерін салу және кеңейту жобаларын іске асыру кезінде үлесті 25%-дан 30%-ға дейін арттыру бөлігінде тиісті өзгерістер енгізді. Бұл өзгеріс 2023 жылдың 10 желтоқсанында күшіне енеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: