​Асхат Аймағамбетов еліміздің барлық өңіріндегі балалар өкілдерімен кездесті

8 Желтоқсан 2022, 10:53 1299

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің барлық өңіріндегі балалар өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Асхат Аймағамбетов көшбасшы оқушыларды құттықтап, атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

«Президент осы жылды Балалар жылы деп жариялады. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына және сапалы білім алуына жағдай жасап, балалардың қауіпсіздігі мен әрбір қазақстандық баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету шараларын қабылдап жатыр. Ал сіздер достарыңызға балалардың құқықтарын түсіндіріп, оларды толғандыратын мәселелерді бізге жеткізіп, көмектесіп отырсыздар. Қазір біз балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Алғаш рет Балалардың әл-ауқаты индексі енгізіліп, мектептегі психологиялық қызметтердің қызметі қайта форматталып, буллингтің алдын алу шаралары қолға алынып, әлеуметтік мәселелер шешіліп жатыр. Әр облыста сіздер қазірдің өзінде ынтымақтастық орнатып жатқан балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер тағайындалды», - деді министр Асхат Аймағамбетов.

Министр мемлекет дарынды балаларға ғана емес, сонымен бірге аз қамтылған отбасы балаларына да қолдау көрсетіп жатқанына тоқталды. Жақында дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін әлеуметтік осал топтағы балаларға гранттар бөлу туралы шешім қабылданды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Балалар жылында алғаш рет беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары қомақты ақшалай сыйлықтар мен қазақстандық жоғары оқу орындарына конкурсқа қатыспай грантқа оқуға түсуге мүмкіндік алды.

EL.KZ
Бөлісу: