Асхат Аймағамбетов ағзасын біреуге беруге дайын екенін айтты

24 Қаңтар, 13:10 6078

Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжіліс кулуарында мәйіт доноры болуға қатысты көзқарасын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісмен Аймағамбетов ағзасын трансплантациялау үшін донор болуға дайын екенін атап өтті. 

Өзім дайынмын. Өйткені біз әрине өзіміздің шешімізді айтуымыз керек. Бұл өте сезімтал сұрақ. Әр азаматтың өзінің шешімі бар.  Кейбірінің діни  ұстанымдары бар, кейбірінің басқа құндылықтары  мен дүниеге деген өз көзқарастары бар. Сондықтан өздерінің шешімдері болу керек. Өйткені әр азаматтың өз ойы бар , - деді депутат.

Айта кетейік, бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазір мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Түркиядағы трансвеститтер клубына барған мұғалімдерге қатысты пікір білдірген еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: