Асфальттің сапасын қалай тексереді?

6 Маусым, 19:46 593

Асфальттің беріктігі – ол материалдың қаншалықты жүктемені көтере алатынын көрсететін негізгі механикалық сипаттамасы. Ол жол жабынын жоспарлаған кезде ескеріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Асфальттің беріктігіне әсер ететін жағдайлар: - Минералды қоспалардың мықтылығы; - Біріктіретін заттардың құрамы; - Қоспаның ішкі ұстағыштары; - Тығыздығы мен кеуектілігі; - Температура.

Асфальтбетон қоспалардың түрлері: Ыстық асфальт: - Күрделі құрылыс пен абаттандыруда кеңінен қолданылады; - Үш кезеңде беріктікке ие болады: тығыздату, салқындату және қатайту. Жұмыс барысында қосымша тығыздалады.

Салқын асфальт: - -5°С дейінгі температурада қыздырусыз және ауыр тығыздаусыз төселеді; - Шұғыл жөндеу мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар үшін қолданылады; - 20-30 күн ішінде қатайып, төсегеннен кейін қолдануға болады. 3. Құйылған асфальт: - Құрамында көп мөлшерде біріктіретін заттар болады, сұйық әрі пластикті; - Тегістеу мен тығыздауды қажет етпейді; - 2-3 күн ішінде қатаяды, ол кезде жол жабынымен жүруге болмайды.

Асфальттің беріктігін не үшін білу қажет? Асфальттің беріктігі әртүрлі тапсырмалар үшін құрамын таңдағанда маңызды. Мысалы: көлік көп жүретін автожолдарға кереуіктілігі аз берік асфальтты қажет етсе, ал жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға және жер үйлердің алаңдарына талаптары төмен материалдарды қолдануға болады.

Зарина Арман
Бөлісу: