03.08.2024
22:37
944
Әсем Орынбай стенд атудан іріктеудің алғашқы айналымына қатысты

Әсем Орынбай стенд атудан іріктеудің алғашқы айналымына қатысты

Бүгін, 3 тамыз күні, Париж Олимпиадасында стенд атудан (скит) әйелдер арасындағы іріктеу айналымы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған спорт түрінен Қазақстан сапынан Әсем Орынбай қатысуда. Бүгін ол іріктеуде бақ сынады. 

Мүмкін болған 75 ұпайдан 67 ұпай жиған Әсем аралық нәтижеде 23-орынға тұрақтады. 

4 тамыз күні іріктеудің екінші айналымы өтіп, финалға шыққан спортшылар анықталады.