Асаба мейрамхана қожайыны мен әртістерді байытатын тойларды азайтуды ұсынды

25 Сәуір 2023, 20:04 15435

Алматылық асаба Асхат Қылышбек қазақтың тойы бекер ақша шашуға айналып бара жатқанын айтты.

Бұл туралы ойын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Асхат Қылышбек мейрамханалардың аспанға ұшқан бағасы халықтың қалтасына ауыр тиіп жатқанын алға тартты. Асаба тойды пайдаға кенелу үшін емес, шынымен шамасы жететіндер жасағаны дұрыс деп санайды.

Тойға қонақтар ештеңе әкелмесе, шіркін... Шамасы жеткендер той жасап, дастархан жайсын жақындарына. Батасын алсын! Сауабын алсын! Ақшасын емес... Ол ақша бәрібір той иесіне де пайда емес, мейрамхананы жабуға жетсе жақсы. Қазір Алматыда адам басына 15 мың теңгеден кем тойхана жоқ. Жұбымен барған қонақ 30 мыңнан кем апарса ұят. Ал айлығы – 100-200 мың теңге. Айына 10 той шақырады, жазда көресің! Үйіне не қалды сонда? – дейді ол.

Ер адам үйлену тойынан бөлек те мерейтойды тойлау көбейіп кетенін айтады. Мұндай іс-шаларды азайтқан дұрыс деп отыр ол.

Жарайды, үйлену тойға жас отауға көмек ретінде берсін аямай сыйлық. Мейлі, сүндет тойға да... Басқа тойларға қонақтар тегін келіп, демалып қайтса ғой. Сонда мейрамхана қожайыны мен әртістерді асырайтын қаптаған тойлар азаяр ма еді дейді бір ойым. Әйтпесе 20, 30, 40 жас той не керек? Тойдың түр-түрі бар қазір. Мысығының туған күніне де той жасағанды көрдік қой желіден. Қарапайым халыққа обал шынында, - деп налиды ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: