23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматы облысының 30 жастағы тұрғыны аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаңтар айында Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Алматы облысының 30 жастағы тұрғынын есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен ұстады.
Жеке тінту кезінде құқық бұзушыдан жалпы салмағы 12 келі 480 грамм болатын марихуана табылып, тәркіленіп, оған қатысты есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді.
Тергеу барысында күдіктінің Шу ауданында жабайы қарасора жинап, оларды Алматы қаласына темір жол көлігімен тасымалдауды жоспарлағаны анықталды. Полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында осылайша есірткінің ірі партиясын тасымалдау фактісінің жолы кесілді.
Тамыз айында Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаскүнемді 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 295 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 22 өткізу фактісі, 28 аса ірі мөлшерде сақтау және үшеуі контрабанда. Заңсыз айналымнан 390 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады