Аса ірі көлемде есірткі сақтаған жамбылдықтар ұсталды

6 Қыркүйек 2022, 17:00 1086

Ұстау орнына жақын маңдағы аумақты тексеру барысында жалпы салмағы 10 келiден асатын кептірілмеген марихуана табылды

Аса ірі көлемде есірткі сақтаған жамбылдықтар ұсталды, – деп хабарлайды Elkz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Байзақ АПБ-мен бірлесіп осы ауданның Ит өлген жайылымына жақын аумақта жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу кезінде жабайы сораны дайындап жатқан 33 және 35 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. 

Ұстау орнына жақын маңдағы аумақты тексеру барысында жалпы салмағы 10 келiден асатын кептірілмеген марихуана табылды. Күдіктілер кiнәсын мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

– Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл баппен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А.Жұмабеков.

Бөлісу: